Жаңа технологиялар туралы ақпарат

Жасыл мәртебе

(апробацияланған) - жаңа технологиялар тізіліміне енгізілді, жобалау-сметалық құжаттамаға енгізуге ұсынылды.

Сары мәртебе

(апробациялау сатысында) - аккредиттелген зертханадан алынған зертханалық қорытынды бар, тәжірибелік телім бөлінген, ғылыми-техникалық сүйемелдеуден және тәжірибелік телімді мониторингілеу үдерісінде

Көк мәртебе

(қайта қарау) - тәжірибелік телім бойынша қорытынды есеп (ғылыми-техникалық сүйемелдеу және мониторинг қорытындысы) бар, бірақ жаңа технологиялар тізіліміне енгізу үшін Техникалық кеңестің дауыс беруінің ең төменгі шегіне жеткен жоқ. Бұл ретте Техникалық кеңестің дауыс беруінен өтпеген өтініш берушілер ұсынылатын өнімнің толықтырылған ақпаратын ұсына отырып, қайта дауыс беруден өтуі мүмкін.

Сұр мәртебе

(апробацияланбаған) – аккредиттелген зертханадан алынған қорытынды бар, тәжірибелік телімді бөлу сатысында.

Әзірлемелерді тізілімге енгізу тәртібі мен мерзімдері

1"ҚазжолҒЗИ" АҚ жаңа технологиялар басқармасы қызметкерлерінің (тізілім операторы) алғашқы сараптамасы (20 жұмыс күніне дейін)
2Тізілім операторы өтінімдерді техникалық кеңестің қарауына жіберу (жібермеу) туралы шешім қабылдайды

Жол құрылысындағы материалдар мен технологиялардың мәртебесі бойынша жіктелуі

Карьер бойынша ақпарат

Белсенді

Дәрежесі (белсенді) - карьер жұмыс істейді, жол-құрылыс материалдары алынды, сынақ хаттамалары жарамды (сынақ жүргізілген күннен бастап 1 жылдан аспайды).

Тестілеу кезеңінде

Дәрежесі (апробациялау сатысында) - карьер жұмыс істейді, жол-құрылыс материалдарын бастапқы немесе қайталап іріктеу жүргізілген, сынақ хаттамалары жоқ немесе жаңартылмаған (жарамсыз).

Белсенді емес

Дәрежесі (белсенді емес) – карьер жұмыс істемейді